Еуроодақ балаларға ата-ананың рұқсатынсыз әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салады

Еуроодақ балаларға ата-ананың рұқсатынсыз әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салады © Deti.mail.ru

Еуропалық Одақ балаларға ата-ананың рұқсатынсыз әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салады, - деп хабарлайды Rusnovosti.ru.

2018 жылдан бастап 16 жасқа толмаған балалар Facebook, Snapchat және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркеле алмайды. Financial Times мәліметінше, Еуропарламент қазір осы мәселені қарастырып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, 13 жасқа дейінгілерге шектеу қойылғанымен, 11 жастан кіші әрбір бесінші оқушының Facebook желісінде парақшасы бар.

Сондықтан да, әйгілі интернет-сайттар жеткіншектердің әлеуметтік желілерге тіркелуі кезінде ата-аналарының қатысуы мүмкін болатындай функция ойлап табуы керек. "Егер талап орындалмаса, компаниялар әлемдік айналымдағы табысының 4 пайызын айыппұл ретінде төлейді", - деп хабарлады Rusnovosti.ru басылымы.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама