EXPO құрылыс алаңынан өрт шықты

EXPO құрылыс алаңынан өрт шықты Видео кадры

EXPO-2017 көрмесінің құрылыс алаңының территориясынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, бүгін сағат 11.01-де EXPO құрылыс алаңындағы соғылып жатқан ғимараттан өрт шыққаны жайлы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына келген өртсөндірушілер төртінші қабат деңгейіндегі шатыр мен жылытқыштың жанып жатқанын анықтаған. Шамамен 50 шаршы метр жерді жалын шарпыған.

Реклама
Реклама

"Елордадағы өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 55 адамы сағат 11.25-те өртті ауыздықтады, осылайша оттың таралуына жол бермей, жағдайдың салдарын азайтты. Арнайы техниканың 8 данасы пайдаланылды. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Иманқұлов.


© Тұрар Қазанғапов

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама