19 ақпан 2024 12:42

Грузияда журналист Жанбота Төлегенді өлтірген адам сотталды

Жанбота Төлеген. Фото: facebook.com/Ерболат Алтайұлы

Грузия соты қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірді деген күдіктіге үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузия соты қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірді деген күдіктіге үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот 50 жастағы Габриэль Хохобашвилиді 11 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы "НеМолчи.kz" қоры Instagram-парақшасында хабарлады.

Сот біліктілікті өзгертіп, "пайда табу мақсатта кісі өлтіру" негізін дәлелденбеді деп тапты. Іс прокуроры бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсіретіні атап өтілді.

Реклама
Реклама

Сот құқық бұзушының өз кінәсін мойындауы мен балаларының болуын ескергені хабарланды.

Еске салайық, 2023 жылы 21 мамырда Грузияның Кахети қаласында қазақстандық журналист өлі табылды. Габриэл Хохобашвили оны алдап, Жанбота Төлегеннің ақшасын алып, Тбилисиден Кахетиге баруға мәжбүрлеп, журналистің басынан кірпішпен ұрып өлтіріп, денесін өзенге лақтырып жіберген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram