19 маусым 2023 14:40

Грузияда қазақстандық журналист өлі табылды: СІМ өкілі пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: facebook.com/Ерболат Алтайұлы

Сыртқы істер министрлігі өкілі Грузиядағы қазақстандық журналистің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрлігі өкілі Грузиядағы қазақстандық журналистің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство бұл ақпаратты растады.

Реклама
Реклама

"24 мамырда Тбилисидегі ҚР елшілігіне Телави қаласының құқық қорғау органдарынан ҚР азаматы өлтірілгені туралы ақпарат түскен. Күдікті ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін оқиға туралы мәліметтер мен күдіктінің деректері жария етілмейді.

Қайтыс болған азаматтың денесі Отанына жеткізіліп, 2 маусымда жерленді. Қазақстанның Грузиядағы консулы жергілікті құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста және бұл мәселені бақылауда ұстайды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, марқұм Грузияға жеке сапарымен барған, кәсіби қызметке ешқандай қатысы жоқ.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық журналист Грузияда өлтірілгені хабарланған болатын. Жанбота Төлеген соңғы рет 19 мамырда әріптесімен байланысқа шыққан. Назира Дәрімбеттің айтуынша, журналистің сыныптастары оның Грузияда өлтірілгенін айтқан. Ал кейінірек журналистің ісіне қатысты күтпеген деректер айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram