Хромтауда көшеде кетіп бара жатқан адамға оқ атқан бұзақы ұсталды

viewings icon 566
comments icon 0
видео кадры видео кадры

Хромтауда көшеде кетіп бара жатқан адамға оқ атқан бұзақы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Хромтауда көшеде кетіп бара жатқан адамға оқ атқан бұзақы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түнгі сағат 02:00 шамасында полицияның "102" пультіне Хромтау қаласы Жұбанов көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу көшеде өтіп бара жатқан адамға оқ атқаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Күдіктіні ұстау үшін дереу оқиға орнына полиция жасағы жіберілді. Полицейлер ер адамның қылмыстық әрекеттерін əрі қарай жалғастыруының алдын алды. Полиция қызметкерлері Мақсат Дастан мен Жылқайдар Жұлдызбек өз өмірлерін қатерге тігіп, оқ атқан адамды ұстады. Күдіктінің Хромтау қаласының 50 жастағы тұрғыны екені анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Мас күйдегі күдікті әйелімен жанжалдан кейін көпқабатты үйдің ауласына шығып, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамға оқ атқан. Жәбірленуші иығынан жарақат алғаны айтылды.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная