Интернетте павлодарлық жүргізушілердің төбелесі түсірілген видео жария болды

Видео кадры

Павлодарда көлік жүргізушілерінің жол бойындағы төбелесі видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеоны YouTube қолданушысы Дмитрий Козель жариялады. Кадрлардан көліктердің төбелестің салдарынан кептелісте тұрғанын көруге болады. Жүргізушілердің бірі көліктен жүгіріп шығып, екінші жүргізушіге жұдырық ала жүгірген. Көрші көліктерлің жүргізушілері мен жолаушылары төбелесіп жатқандарды ажыратайын деп, кейіннен өздері де төбелеске қатысып кетті. Видеодан жерде жатқан адамды бірнеше ер адамның теуіп жатқаны да көрінеді. Кейін оларды автокөлік иесінің бірі ажыратты. Ол көліктің жүксалғышынан сақаны шығарып, жәбірлеушінің көлігінің терезесін сындырмақ болған.

Ескерту! Видеода балағат сөздер айтылған.

Реклама
Реклама

Бұл видеоны полицейлер де көрді. "Жүргізушілердің арасындағы төбелес Қатаев пен Естай көшелерінің қиылысында болған. Іс сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу реестрінде тіркелді. Осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр", - деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, полицейлер бұл оқиға бойынша ешкімнен арыз түспегенін айтып отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама