"Ирина Кайратовна" мобилографының өлімі: полиция тергеу жүргізіп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
"Ирина Кайратовна" мобилографының өлімі: полиция тергеу жүргізіп жатыр Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Ирина Кайратовна" тобының мобилографы Шахназ Жылқайдаровтың өліміне қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Астана Полиция департаменті растады.

"Ирина Кайратовна" тобының мобилографы Шахназ Жылқайдаровтың өліміне қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Астана Полиция департаменті растады.

"Бұл факт бойынша соталды тергеп-тексеру басталғанын хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеп-тексеру мүддесі үшін соталды тергеп-тексеру деректері жарияланбайды", - делінген Tengrinews.kz ресми сауалына берілген жауапта.

21 жастағы Шахназ Жылқайдаровтың өлімі қандай бап бойынша тергеліп жатқаны айтылмады. Полиция мұндай мәліметтерді прокурордың рұқсатымен ғана жариялауға болатынын қосты - "егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса".

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін "Ирина Кайратовна" тобының Астанадағы концертінде мобилограф қайтыс болғанын хабарлаған едік. Куәгерлердің сөзінше, жігіт кенеттен сахнада құлап қалған.

Кейінірек топ мүшелері сахнаға шығып, қаралы жағдайды хабарлады және концерттің кейінге шегерілетінін айтып, халықтан кешірім сұраған болатын.

"Сіздерді күттіргенімізге кешірім сұраймыз, бірақ бәрі бекерден бекер емес. Айтудың өзі ауыр. Жаңа ғана мобилограф сахнада құлап қалды, көрген боларсыздар. Ол қайтыс болды. Сондықтан қазір алдарыңызда өнер көрсете алмаймыз", - деді топ мүшелерінің бірі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама