Із-түссіз жоғалған 22 жастағы қарағандылық туралы жаңа деректер анықталды

Із-түссіз жоғалған 22 жастағы қарағандылық туралы жаңа деректер анықталды

Із-т?ссіз жо?ал?ан 22 жаста?ы ?ара?андылы? туралы жа?а деректер аны?талды. ?лтты? гвардияны? "Орталы?" айма?ты? ?олбасшылы? баспас?з ?ызметіні? м?ліметінше, Темірбек Ж?мабеков Абай ?аласында ?скери б?лімде ?ызмет еткен ж?не жо?ал?ан?а дейін ?ызметінен босатыл?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Із-түссіз жоғалған 22 жастағы қарағандылық туралы жаңа деректер анықталды. Ұлттық гвардияның "Орталық" аймақтық қолбасшылық баспасөз қызметінің мәліметінше, Темірбек Жұмабеков Абай қаласында әскери бөлімде қызмет еткен және жоғалғанға дейін қызметінен босатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз оның жоғалғаны туралы білмейміз. Алайда ол бізде жұмыс істемейді. Бұрындары ол Абай қаласында кинолог болып қызмет еткен. Бірақ оны жоғалғанға дейін қызметінен босатқан. Біз ол туралы басқа мәліметтерді білмейміз", - деді ведомстводағылар. 

Темірланның достары оның жұмыстан босатылғаны туралы ештеңе білмейді екен. Олар Темірланның бұрын бокспен айналысқанын және өзін-өзі қорғай алатынын айтты. Ол қаңғырып кетті дегенге достары сенбейді. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 22 жастағы Темірлан Жұмабеков 16 ақпанда Қарағанды облысының Абай қаласындағы дәмханадардың біріне барып, артынша жоғалып кеткен. Әлеуметтік желіде оны іздестіру туралы мәліметтер белсенді түрде тарап жатыр. Темірланды еріктілер мен полицейлер де іздестіріп жатыр. Еріктілердің айтуынша, олар достарының қайда баруы мүмкін деген жерлердің барлығын қарап жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама