Жамбыл облысында 2 жасар бала пойыз астына түсіп, қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысында екі жасар бала пойыз астына түсіп, қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында екі жасар бала пойыз астына түсіп, қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 4 наурызда сағат 17:52-де Малдыбай станциясында болған.

"Қайғылы оқиға кезінде бала үлкендердің қарауынсыз қауіпті аймақта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың отбасы темір жолға жақын жерде тұрады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

ҚТЖ қаза болған баланың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Теміржолшылар балаларды теміржолдарда, вокзал платформаларында қараусыз қалдырмауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама