13 тамыз 2021 | 09:47

Жамбыл облысында 3 жасар қызды пойыз басып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Жамбыл облысында үш жасар қызды пойыз басып кетті. Қайғылы оқиға Құмшағал станциясында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында үш жасар қызды пойыз басып кетті. Қайғылы оқиға Құмшағал станциясында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Әйел баласымен жүк пойызы вагондары астына кіріп, теміржол рельстерінен өтпек болған. Осы сәтте пойыз күтпеген жерден жылжи бастаған. Қыз алған жарақатынан оқиға орнында қаза болады.

Оқиға басқа пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ. Психологтар марқұмның анасымен жұмыс жасап жатыр. Әйелдің тағы бір баласы бар. Бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіледі.

Реклама
Реклама

"344-баптың 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Бұл бапта теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу қаралады. Тергеу кезінде кінәлілер бар болса анықталады", - деді Көліктегі ПД әкімшілік полиция бөлімінің басшысы Мақсат Дүйсенбиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная