1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Жамбыл облысында әскери қызметкер өзіне қол жұмсады

Жамбыл облысындағы Гвардиялық гарнизон әскери бөлімінде офицер өз-өзіне қол жұмсады. Ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады, - деп хабарлайды

Иллюстрациялық фото © Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысындағы Гвардиялық гарнизон әскери бөлімінде офицер өз-өзіне қол жұмсады. Ақпаратты Қорғаныс министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"22 қарашада Гвардиялық гарнизонның әскери бөлімінде офицер А. өз-өзіне қол жұмсады. Марқұмнан хат табылды", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Тергеу мүддесі үшін, сондай-ақ туыстарының өтініші бойынша басқа мәлімет жария етілмейді", - деп толықтырды Қорғаныс министрлігі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!