Жамбыл облысында атасы мен немересі өзенге батып кетті

Фото: Жамбыл облыстық ТЖД

Жамбыл облысында атасы мен немересі Талас өзеніне батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысында атасы мен немересі Талас өзеніне батып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 23 шілдеде сағат 17.30-да Жамбыл облысындағы Жасөркен аулы маңында Талас өзенінде оқиға куәгерлері 1961 жылы туған ер адамның мәйітін тауып алып, судан шығарған. Сонымен бірге сағат 17.10 шамасында шомылу кезінде суға батып кеткен 2015 жылы туған қызды іздеу жұмыстары басталды.

"Атасы мен немересі жабдықталмаған жерде суға түсіп жатқан. Іздеу жұмыстары қараңғы түскенше жалғасты. Оқиға орнына ТЖД-нің бес құтқарушысы мен бір техникасы шықты", - деді департамент өкілдері.

"Бүгін таңғы сағат 5.30 шамасында 2015 жылы туған қызды іздеу жұмыстары қайта жанданды. Жедел құтқару жасағының құтқарушыларынан құралған үш экипаж бар. Сүңгуірлер өзеннің су бөлігін тексеріп жатыр. Жеке құрамның 74 қызметкері жағалау сызығын тексеріп жүр", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама