02 қыркүйек 2024 | 09:04

Жамбыл облысында ауыр қылмыс жасады деген күдікті іздестіріліп жатыр

Фото: Жамбыл облысы ПД

Жамбыл облысының Полиция департаменті ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 1991 жылы туған Мақсат Жассаулейұлы Мұхановты іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі taraz_life мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілері: бойы 168-170 сантиметр, ірі денелі, шашы қара, беті сопақша келген. Ол шалбар мен қоңыр түсті футболка, қара аяқкиім киген.

Полицейлер ер адамда пышақ болуы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан сақтық пен қырағылық қажет.

Реклама
Реклама

Күдіктіні көргендер: 8 (7262) 90 70 10, 99 72 50, 8 (72636) 99 70 42, 8 707 272 09 49 немесе 102 телефондарына хабарласа алады.

"Анонимділік пен сыйақыға кепілдік беріледі", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram