ПОДЕЛИТЬСЯ
14 шілде 2019 | 09:03
Жамбыл облысында жол апатынан полиция қызметкерлері қайтыс болды
Полицейлер мінген қызметтік көлік пен көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар Алматы - Екатеринбург тасжолында жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тасжолдың 380-шақырымында SsanYong маркалы автокөлік аударылғаны туралы хабар Жамбыл облыстық полиция департаменті кезекші бөліміне 13 шілдеде 17:35-те түскен.
"Жол-көлік оқғиасы салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері және бір Өзбекстан Республикасының азаматы қаза тапқан. Жол-көлік оқиғасы көші-қон заңнамасын бұзғандарды жеткізу кезінде болған", - делінген хабарламада.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Показать комментарии
Читайте также