13 тамыз 2020 14:29

Жамбыл облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер ұсталды

Скрин видео

Жамбыл облысында жол ережесін өрескел бұзған 2 жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында жол ережесін өрескел бұзған 2 жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

"10 тамызда Меркі ауылында 20 және 19 жастағы екі жүргізуші жол ережесін бұзғанын анықтады. Олар Volkswagen Golf және Mercedes-Benz көліктерін тізгіндеген. Екі жүргізушінің біреуі көліктің капотына және үстіне 2 қыз бен 3 жігітті отырғызған. Ал екіншісі көліктің жүк салғышына 2 адамды отырғызған", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Екі жүргізуші де жаяу жүргіншілер жолымен көлік жүргізген. Ал жолаушылар болған жайтты видеоға түсірген.

Тәртіп сақшылары жол ережесін кімдер бұзғанын анықтады. Олар өз кінәсін мойындаған.

Жол ережесін бұзған жүргізушілер ҚР Әкімшілік кодексінің 593 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартыған.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері көліктегі барлық жолаушының кім екенін анықтап, олардың санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар бұзатынын дәлелдейтін айғақтарды жинады.

Бұл істің материалдары Жамбыл облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram