15 тамыз 2021 | 23:10

Жамбыл облысында көпір тіреуін су шайып кетті. Пойыздар тоқтады

© Қайсар Жұмабайұлы / facebook

Жамбыл облысындағы Тасөткел ауылы маңында теміржол көпірі қирады. Пойыздар тоқтап тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысындағы Тасөткел ауылы маңында теміржол көпірі қирады. Пойыздар тоқтап тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚТЖ баспасөз қызметі мәліметінше, Меркі ауданының таулы аумақтарында нөсер жаңбыр жауып, содан пайда болған су тасқыны жергілікті автожол мен Аспара-Шу аралығындағы теміржол көпірінің тіреуін шайып кеткен.

Реклама
Реклама

"Су өткізу нысаны толық режимде жұмыс істеп тұрған. Дегенмен судың тасқыны мен қысымына төтеп бере алмады. Қазіргі уақытта жүк және жолаушылар пойыздары тоқтатылды. Жолды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған теміржол және автотракторлық техника, 75 т/ж қызметкерлері жұмылдырылды, қажет болған құрылыс материалдары жеткізілді. Жұмыс ертең таңда аяқталады деп жоспарланып отыр.

Осыған орай:

- №712 "Шымкент - Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол";
- №78 "Манғыстау - Алматы-2";
- №42 "Атырау - Алматы-2";
- №23 "Алматы-1 - Ақтөбе";
- №33 "Алматы-2 - Ақтөбе";
- №29 "Алматы-2 - Атырау" бағытындағы жолаушылар пойыздары кешігіп келеді", - делінген ҚТЖ хабарында.

Толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар теміржол вокзалдарының анықтама бюросына немесе "105" бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная