Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз жоғалып кетті

Жамбыл облысындағы "Андас батыр" шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жамбыл облысындағы "Андас батыр" шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2022 жылдың 2 наурызында жоғалып кеткен "Андас батыр" шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердишевті іздеп жатыр", - делінген хабарламада.

Іздеуге Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті мен Полиция департаментінің күштері қатыстырылды.

Реклама
Реклама

Осы дерек бойынша тергеу іс-қимылдары мен қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

ҰҚК өкілдері Ұлықбек Бердишевке қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіздер, мына телефон номерлері арқылы - 110 (ҰҚК сенім телефоны), 87172719458 (Шекара қызметінің сенім телефоны) хабарлауды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама