ПОДЕЛИТЬСЯ
20 желтоқсан 2018 | 12:21
Жамбыл облысында мұнай базасында өрт шықты: Екі жұмысшы зардап шекті
"Амангелді ГПЗ" ЖШС Тараз филиалының аумағында мұнай қайнату пешінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Амангелді ГПЗ" ЖШС Тараз филиалының аумағында мұнай қайнату пешінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 2018 жылы 20 желтоқсанда 08:27-де Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында болды.
"П-1 (мұнай қайнату пеші) қосылу кезінде УПН-100 құрылғысының түтін шығатын бөлігінде газ араласқан қоспа жарылысы болған. Өрт 08:39-да ауыздықталып, 09:08-де толығымен сөндірілді. Апат салдарынан екі адам: 1987 және 1995 жылғы екі адам зардап шекті", - делінген хабарламада.
Өрт сөндіру жұмыстарына ТЖД 7 қызметкері мен екі техника және 6 адам мен 2 арнайы техника мемлекеттік емес ұйымның мамандары жұмылдырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жамбылски район. Аса. Горит нефтебаза - *Орфография и пунктуация автора сохранены - ????: @анонимно - #taraz_life#taraz#vtaraze#taraz#втаразе#тараз
Публикация от Taraz LIFE (@taraz_life) 19 Дек 2018 в 7:29 PST
Показать комментарии
Читайте также