20 желтоқсан 2018 12:21

Жамбыл облысында мұнай базасында өрт шықты: Екі жұмысшы зардап шекті

видеодан үзінді

"Амангелді ГПЗ" ЖШС Тараз филиалының аумағында мұнай қайнату пешінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Амангелді ГПЗ" ЖШС Тараз филиалының аумағында мұнай қайнату пешінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 2018 жылы 20 желтоқсанда 08:27-де Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында болды.

Реклама
Реклама

"П-1 (мұнай қайнату пеші) қосылу кезінде УПН-100 құрылғысының түтін шығатын бөлігінде газ араласқан қоспа жарылысы болған.  Өрт 08:39-да ауыздықталып, 09:08-де толығымен сөндірілді. Апат салдарынан екі адам: 1987 және 1995 жылғы екі адам зардап шекті", - делінген хабарламада. 

Өрт сөндіру жұмыстарына ТЖД 7 қызметкері мен екі техника және 6 адам мен 2 арнайы техника мемлекеттік емес ұйымның мамандары жұмылдырылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Жамбылски район. Аса. Горит нефтебаза - *Орфография и пунктуация автора сохранены - ????: @анонимно - #taraz_life#taraz#vtaraze#taraz#втаразе#тараз

Публикация от Taraz LIFE (@taraz_life) 19 Дек 2018 в 7:29 PST

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram