23 қыркүйек 2021 10:26

Жамбыл облысында ірі жол апаты болды: 6 адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, 23 қыркүйекте сағат 06:00 шамасында Байзақ ауданының "Алматы-Ташкент" тасжолының 476 шақырымында Audi-А4 және Toyota Camry маркалы екі көлік соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам оқиға орнында қаза болды. Toyota Camry автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Дерек бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлімі бойынша соталды тергеп-тексеру өндірісі басталды. Жол-көлік оқиғасы себебі анықталып жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram