25 шілде 2022 | 08:56

Жамбыл облысында суға батып кеткен 7 жастағы қыз табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Жамбыл облысы ТЖД

Жамбыл облысында құтқарушылар Талас өзенінде атасымен бірге суға батып кеткен 7 жасар қыздың денесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында құтқарушылар Талас өзенінде атасымен бірге суға батып кеткен 7 жасар қыздың денесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, су электр кешенінде шлюз көтерілген кезде баланың денесі ағыспен шыққан.

Еске салайық, 23 шілдеде сағат 17:30-да Жамбыл облысында Жасөркен ауылының кіреберісі, Талас өзенінде оқиға куәгерлері 1961 жылы туған ер адамның мәйітін тауып алып, судан шығарған болатын. Дәл осы уақытта атасымен суға келген 2015 жылғы қызды іздеу жұмыстары басталды. Құтқарушылар баланы қараңғы түскенше іздеп, келесі күні таңғы сағат 5:30-да іздеуді жалғастырған еді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная