16 тамыз 2021 | 14:53

Жамбыл облысында тасжолды су шайып кетті: көлік қозғалысы қалпына келтірілді

Дина Шарипханова Корреспондент

Республикалық Меркі - Шу - Бурылбайтал тасжолында көлік қозғалысы қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Республикалық Меркі - Шу - Бурылбайтал тасжолында көлік қозғалысы қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Меркі-Шу тасжолының Жамбыл облысындағы бөлігінде түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан судың қатты ағысы салдарынан тасжол екіге бөлініп, ортасында жарықша пайда болғанын көре аласыздар.

Реклама
Реклама

"ҚазАвтоЖол" ҰК" автокөлік кәсіпорнының баспасөз қызметі мәліметінше, Меркі - Шу - Бурылбайтал жолының 42-97-шақырымын су шайып кеткен.

"Эрозия салдарын жоюға және республикалық автомобиль жолының Мерке - Шу - Бурылбайтал ​​учаскесіндегі жолды қалпына келтіруге байланысты, көлік қозғалысына қойылған шектеулер барлық көлік түрі үшін алып тасталғанын хабарлаймыз", - деді "ҚазАвтоЖол" өкілі.

Компания өкілінің айтуынша, асфальт жамылғысы әлі де қалпына келтіріліп жатыр.

Айта кетейік, Жамбыл облысындағы Мерке ауданының тауларында нөсер жауып, жолды және теміржол көпірін су басқаны хабарланған еді. Пойыздар 16 тамызда таңертең толық ашылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная