26 қыркүйек 2024 | 11:41

Жамбыл облысында тұрғыннан 7 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді

Видео кадры/polisia.kz

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері көлік жолаушысынан 12 келіден астам гашиш тәркіледі. Қара нарықтағы құны – 7 миллион теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері көлік жолаушысынан 12 келіден астам гашиш тәркіледі. Қара нарықтағы құны – 7 миллион теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қарасора – 2024" жедел алдын алу іс-шарасы аясында жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Алматы – Қарағанды автожолының 430-шақырымында Toyota Sienna автокөлігін тоқтатты.

Тэя қызметтік итінің көмегімен автокөлікті тексеру барысында жүк салғыштан көліктегі жолаушыға тиесілі жасыл түсті өсімдік заты бар екі сөмке табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттардың салмағы 12 келі гашиш және 170 грамм каннабис (20 мың доза) шайыры екені анықталған.

Реклама
Реклама

"Қара нарықтағы құны – 7 миллион теңгеге жуық. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті кінәсін мойындап, қазіргі уақытта Шу аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная