01 қаңтар 2022 | 14:18

Жаңажылдық отшашу: Павлодар облысында екі адам зардап шекті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Павлодар облысында екі тұрғын Жаңа жыл түні отшашу салдарынан күйік және жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында екі тұрғын Жаңа жыл түні отшашу салдарынан күйік және жарақат алды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодардың 33 жастағы тұрғыны мен Екібастұздың 23 жастағы тұрғыны жедел жәрдем көмегіне жүгінген.

"Түн ортасынан кейін бірден екі оқиға тіркелді. Отшашу кезінде Павлодар тұрғынының қабағы күйіп, көз алмасы контузия алған. Ер адам облыстық клиникалық аурухана жанындағы офтальмологиялық жарақат пунктіне жеткізілді", - деді Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы өкілдері.

Реклама
Реклама

Екібастұзда зардап шеккен тұрғынға күйік диагнозы қойылған. Сондай-ақ, оның беті көгерген.

"Қыз бұл жарақаттарды жаңажылдық отшашу кезінде петард атылғаннан кейін алған. 103 бригадасы зардап шегушіні Екібастұз қаласының орталық қалалық ауруханасына жеткізді", - дейді дәрігерлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная