Жаңаөзен мен Теңгеде желден үйлердің шатыры қирады

Видеодан кадр

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Теңге ауылында қатты желдің салдарынан ғимараттардың шатыры қирап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau.kz басылымына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Теңге ауылында қатты желдің салдарынан ғимараттардың шатыры қирап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau.kz басылымына сілтеме жасап.

Дүлей желдің салдары туралы видео Instagram желісіндегі zhanozen_onlinе парақшасында жарияланды.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңаөзенде ауа райының қолайсыздығынан ешкім зардап шеккен жоқ.

"Өркен" шағынауданындағы төртқабатты тұрғын үй шатырының бөлігі құлады – шамамен 70 шаршы метр. Үйдің ауданы - 100 шаршы метр. Ғимарат 1986 жылы салынған", - деді ТЖД бастығының қорғаныс жөніндегі орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.

Теңге ауылында №2 емхананың шатыры желден қирап қалған.

"Ешкім зардап шекпеді. Ғимарат 1997 жылы салынған, 2017 жылы күрделі жөндеу жүргізілді. Арнайы комиссия құрылды, құрамында әкімдік өкілдері бар және олар оқиға орнында болды", - деді Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама