Жаңаөзенде ер адам карантин кезінде той жасаған

Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында ер адам карантин кезінде 40 адамға той жасаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысында ер адам карантин кезінде 40 адамға той жасаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде карантин режимі енгізілген соң полиция халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізген. 

Оқиға 9 тамызда түскі сағат 12-де болған. Жаңаөзен қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жер үйдің аумағында шамамен 40 адамға той жасалғанын анықтаған. Осылайша жер үйдің иесі карантин талабын бұзған.

Реклама
Реклама

"Тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Іс Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қарауына жіберілді", - делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Маңғыстау облысы полиция департаменті тұрғындарға карантин талабын бұзбай, сақтық шараларын қатаң сақтау керегін ескертті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама