17 маусым 2021 08:44

Жаңаөзенде газ өңдеу зауытында алапат өрт шықты

© Маңғыстау облыстық ТЖД суреттері

16 маусымда кешкі уақытта Жаңаөзендегі өндірістік аймақ аумағында ірі өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 маусымда кешкі уақытта Жаңаөзендегі өндірістік аймақ аумағында ірі өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau.kz сайтына сілтеме жасап.

Өртке қарсы қызметке шақыру сағат 22:19-да түскен. Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші, "Семсер-Өрт сөндіруші" ЖШС Жаңаөзен филиалының 16 қызметкері, он дана техника жұмылдырылды. Жұмысқа алты полиция қызметкері және үш арнайы көлік қосылды.

Реклама
Реклама

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Назарәлі Селимов өрт "ҚазГӨЗ" ЖШС аумағындағы компрессорлық цехте шамамен 980 шаршы метр алаңда тұтанғанын нақтылады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 23:02-де ауыздықталып, 23:17-де толық сөндірілді.

Маңғыстау облыстық ТЖД қазіргі уақытта зауытты пайдалану тоқтатылғанын, үйінділерді талдау жүргізіліп жатқанын атап өтті. Болған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын штаб құрылды.

Төтенше жағдайға байланысты Жаңаөзен тұрғындарына әлеуметтік желілерде химикаттар тарап кетті деп, терезелерді жабуға шақырған хабарламалар түсе бастаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram