25 қараша 2017 17:56

Жаңаөзенде "Газель" тепловозбен соқтығысты: 6 адам мерт болды, 7 адам ауруханаға жеткізілді

© Lada.kz

Жаңаөзен маңындағы Теңге ауылындағы теміржол өткелінде "Газель" көлігі тепловозбен соқтығысты, - деп хабарлайды "Лада".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзен маңындағы Теңге ауылындағы теміржол өткелінде "Газель" көлігі тепловозбен соқтығысты, - деп хабарлайды "Лада".

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан 6 адам қаза болған. Жеті адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының прокуратура өкілдері мәлімдеді. 

Реклама
Реклама

Оқиға туралы Жаңаөзеннің Ішкі істер басқармасына сағат 14:00-де хабарланды. Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше "Газель" көлігінің ішінде 13 адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны нақтыланып жатыр. 

"Бұл дерек ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тарауы бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Оқиға орнына Жаңаөзеннің өкілетті қызметтері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Асқар Досекенов барды. Қажетті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді прокуратураның баспасөз қызметінің өкілдері. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram