ПОДЕЛИТЬСЯ
Кеше | 12:49
Жаңаөзендегі ереуіл: жаңа мәлімет берілді
"ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Асхат Хасенов "Өзенмұнайгаз" компаниясындағы қазіргі жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Асхат Хасенов "Өзенмұнайгаз" компаниясындағы қазіргі жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Хасенов Жаңаөзендегі ереуілдің компанияға тигізген шығынын атады.
"Шығын өзгермелі, бірақ шамамен тәулігіне 100 тонна (мұнай – еск.) болады. Осынша көлемді жоғалтып отырмыз. Белгілі бір мәселелер бар, бірақ негізгі техника мен бригадалар бүгінде жұмыс істеп жатыр. Сондықтан тез арада өндіріс көлемін қалпына келтіріп жатырмыз", - деді Хасенов брифингте.
Компания басшысы "ҚазМұнайГаз" басшылығы ереуілге шыққан жұмысшылармен диалог жүргізуге дайын екенін айтты.
"Біз барлығын жұмысқа шығуға шақырамыз. Бұл – бірінші. Екіншіден, адамдарға дұрыс емес ақпарат беріліп жатыр. Егер ақпарат дұрыс жеткізілсе, оның ішінде БАҚ арқылы, онда рұқсат етілмеген акцияларға ешқандай себеп болмайды деп есептеймін. Біз диалогқа дайынбыз", - деді ол.
Сондай-ақ, Хасенов ереуілді жалғастырып жатқан адамдардың санын айтты.
"Бүгінде 141 адам жұмысқа шықпады. Қалғандарының барлығы жұмыс істеп жатыр. 4630 адам жұмыс орнында", - деп түйіндеді Асхат Хасенов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также