20 сәуір 2023 | 12:35

Жаңаөзендегі жарылыс: ТЖД зақымдалған газ құбырының видеосына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Желіде 17 сәуірде Жаңаөзенде болған жарылысқа қатысты видео тарады. Видеода мамандар және эксперттер жарылыс себебін анықтау мақсатында жер астындағы газ құбырын қазып, газ шығарып жатқаны көрсетілген. Маңғыстау облысы ТЖД өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде 17 сәуірде Жаңаөзенде болған жарылысқа қатысты видео тарады. Видеода мамандар және эксперттер жарылыс себебін анықтау мақсатында жер астындағы газ құбырын қазып, газ шығарып жатқаны көрсетілген. Маңғыстау облысы ТЖД өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл мәлімдемелердің шындыққа жанаспайтынын назарға саламыз. Қазір жүргізіліп жатқан жарылыс-техникалық сараптама бірнеше кезеңнен тұрады, тереңірек және егжей-тегжей зерттеу үшін жағдайды бағалау қажет", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомство өкілдері қандай да бір жалған ақпарат жария етілген жағдайда ҚР Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Реклама
Реклама

Ведомство өкілдері қазақстандықтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.

Айта кетейік, оқиға 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала болжам бойынша газ жарылғаны хабарланды. Ал салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираға.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная