Жантүршігерлік жайт: еріктілер Талғарда иттер қайда жоғалып кететінін анықтады

Дина Шарипханова Корреспондент
Жантүршігерлік жайт: еріктілер Талғарда иттер қайда жоғалып кететінін анықтады © instagram/dom_perederzhka

Алматы облысындағы еріктілер тергеу жүргізіп, Талғардағы үй және көше иттері қайда жоғалып кететінін анықтады. Олар тергеу жайлы видеоны парақшасына салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысындағы еріктілер тергеу жүргізіп, Талғардағы үй және көше иттері қайда жоғалып кететінін анықтады. Олар тергеу жайлы видеоны парақшасына салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еріктілердің сөзінше, Кеңдала ауылында жүздеген бауыздалған ит жатқан шұңқырды тапқан.

"Иттерді басынан ұрып өлтіріп, ішек-қарнын ақтарып тастаған. Барлық жануар үй иті, себебі мойындарында шынжыр тұр", - дейді еріктілер.

Жарнама
Жарнама

Еріктілер фотоқақпан сатып алып, шұңқыр орналасқан аймаққа түнде орналастарған. Артынша фотоқақпанға бір көлік түсіп қалған. Кейіннен иттер жатқан шұңқыр бетонмен жабылған. Еріктілер "бұл кімнің тапсырысымен" жасалғанын түсінбей дал болған.

Ескерту! Видеоны жүйкесі нашар адамдарға көруге болмайды!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама