Жаркентте колледж студенттерін ұрып-соққан мұғалім кешірім сұрады

viewings icon 1206
comments icon 0
видеодан үзінді видеодан үзінді

Жаркентте колледж студенттерін ұрып-соққан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі кешірім сұрады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Жаркентте колледж студенттерін ұрып-соққан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі кешірім сұрады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап. 

"Студенттерден және олардың ата-анасынан кешірім сұраймын. Менің ағаттығым біздің колледж мұғалімдеріне көлеңкесін тигізбеуін қалаймын", - деді Елесіз Бейсенов. 

Реклама
Реклама

Ол неліктен соққыға жыққанын түсіндірді. "Мен осы топтың кураторы едім және олардың мені тыңдамай сабаққа қатысудың орнына базарға бару үшін қашып кеткені көңіліме қаяу түсірді. Олардың әрекеті көңілімді түсірді. Иә, мен оларды ұрдым, бірақ күш жұмсамадым. Тек желкесінен қойып қалдым. Мұны сол күні жүргізілген медициналық сараптамада көрсетті. Өз ісіме өкінемін, тағы да кешірім сұраймын", - деді Бейсембаев. 

Еске салайық, Алматы облысында колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі студенттерді ұрып-соқты. Әлеуметтік желіде оқиға болған сәтте түсірілген видео таралып жатыр. "19-шы СПТУ ұстаздары оқушылармен осылай сөйлеседі. Бұл бүгін бізде Жаркентте болды", - делінген видеоролик сипаттамасында. 

Жаркентте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыны ұрып-соққан колледждің директоры сөгіс алды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная