22 қазан 2021 | 17:16

"Жарылуы мүмкін еді": Қарағандыда полиция жеті адамды өрттен құтқарды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қарағандыдағы жеке үйлердің бірінде өрт шықты. Жанып жатқан ғимарат пен көрші үйден жеті адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыдағы жеке үйлердің бірінде өрт шықты. Жанып жатқан ғимарат пен көрші үйден жеті адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда Кондитерская көшесіндегі жеке сектордағы үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер жанып жатқан үйден екі ересек адам мен екі баланы сыртқа алып шықты.

Бірақ бұл кезде өрт үйдің шатыры арқылы көрші үйге тиген болатын. Тәртіп сақшылары ол үйден 3 адамды эвакуациялады.

Реклама
Реклама

"Жедел басқару орталығынан жеке сектордағы үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Біз оқиға орнына бірінші болып жеттік. Қою түтінді көріп, бірден ішке ұмтылдық та, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығардық. Өрттің таралу қаупі болғандықтан,  көршілерді де эвакуацияладық. Тез әрекет етуге тырыстық. Себебі үйдегі газ баллондары жарылуы мүмкін еді", - деді полиция аға лейтенанты Бауыржан Түсіпбеков.

Осы уақытта облыстың ТЖМ қызметкерлері өртеніп жатқан үйге келіп үлгерді. Олар жанып жатқан үйден 27 литрлік газ баллонды шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная