Жарылыстан зардап шеккен балалар шұғыл түрде Алматыға жеткізілді

Фото: Ақмарал Әлназарованың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Жасөспірімдер шұғыл түрде Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жасөспірімдер шұғыл түрде Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"31 шілдеде санитарлық авиация бортында Қызылорда облысында қатты күйіктен зардап шеккен екі бала 75 пайызға жуық күйікпен өте ауыр жағдайда Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді", - деп жазды Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, науқастардың жағдайы ауыр, барлық қажетті емдеу шаралары жүргізіліп, динамикалық бақылау жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қызылордада газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан төрт кәмелетке толмаған бала зардап шекті. Олар қатты күйік алды. Оқиға 28 шілдеде кешке болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама