08 қаңтар 2024 09:24

Жасөспірімдердің қауіпті ойыны: БҚО-да капотқа мініп сырғанаған қыз қаза болды

Әлеуметтік желіден алынған кадр

Батыс Қазақстан облысы Ветелки ауылында ойын қайғылы оқиғаға ұласты. Кәмелетке толмаған жүргізуші қыз баланы ескі капотқа отырғызып, көлігімен сүйреген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысы Ветелки ауылында ойын қайғылы оқиғаға ұласты. Кәмелетке толмаған жүргізуші қыз баланы ескі капотқа отырғызып, көлігімен сүйреген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 қаңтарда сағат 23.41-де 17 жастағы қыз есін жимастан мерт болғаны туралы хабар түскен.

"Полиция қызметкерлері қыз баланы ескі капотқа отырып, көліктің артында келе жатқанын анықтады. Сырғанау кезінде ол газ тірегіне соғылған. Қазіргі уақытта екі көлік анықталып, Орал қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген ПД хабарламасында.

Реклама
Реклама

Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілгенімен дәрігерлер оны құтқара алмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram