16 қазан 2019 10:45

Жаттығу кезінде бір қолынан айырылған сарбаз оқиғаның қалай болғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаттығу кезінде граната жарылып, бір қолынан айырылған ақтаулық сарбаз оқиғанын қалай болғанын айтты. Сергей Кошелев өзін кінәлі санамайды, - деп хабарлайды Astana TV


Жаттығу кезінде граната жарылып, бір қолынан айырылған ақтаулық сарбаз оқиғанын қалай болғанын айтты. Сергей Кошелев өзін кінәлі санамайды, - деп хабарлайды Astana TV

Жігіттің айтуынша, ол әскерде жүріп, мүгедек боламын деп еш ойламаған. Шілдеде ол басқа сарбаздармен бірге жаттығуда болған. Сергейдің айтуынша, әріптесі көмектесуді сұраған. Сол кезде ол жолдасының үстелінен гранатаны көрген. Кошелевтің айтуынша, ол мұны муляж деп ойлаған, себебі мектепте осындай снарядтарды көрген. Сергей гранатаның мұрындығын шығарып, үстелге қойған. 

Ары қарағанымда жарылыс болды. Көзім қарауытып кетті, бетімді сүрттім, сүртілмейді, ештеңе түсіне алар емеспін, сол қолыммен сүрттім де қарадым: қан. Қолыма қарасам, саусақтарым жоқ", - дейді Сергей. 

Ол 2,5 ай бойы ауруханада жатқан. Сонда жатқан кезінде оған қылмыстық істе басты кінәлі екені айтылған. Жігітке қару-жарақ және оқ-дәріні пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзды деген айып тағылған. 

"Менімен бірге борышын өтеп жатқан жігіттерге де гранаталар берілді. Оларменде сөйлестім, олар да оның ұрыс қаруы екенін білмейді. Жарылыс болғанда, олар радиостанция жарылды екен деп ойлаған. Ешкім граната жарылды деп ойламаған. Олар өздері де есеңгіреп қалды. Мен періштемін дей алмаймын. Иә, менің де кінәм бар, себебі мен оған тиіспеуім керек еді", - дейді әскери борышын өтеуші. 

Сергей Кошелевтің адвокаты Намиг Велиевтің ойынша, бүкіл кінәні әдейі өзінің қорғауындағы адамға жауып отыр. "Оны дайындау керек еді, бірақ олар оны істемеді. Немқұрайлы қараған", - дейді адвокат. 

Жарылыстан бір қолынан айырылған сарбазға 6 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети