ПОДЕЛИТЬСЯ
10 маусым 2022 | 13:51
"Жауаптымын" - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары ит талаған бала туралы
Ақтөбеде 12 жастағы баланың денесі құрылыс алаңынан табылды. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбеде 12 жастағы баланың денесі құрылыс алаңынан табылды. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
"2 наурызда жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң қабылданды. Ол заң орындала бастауы үшін иттер мен мысықтарды ұстау туралы заң қажет. Актілер тіркеуден өтті, бірақ олар 60 күннен кейін, яғни 18 шілдеден кейін күшіне енеді. Содан кейін қаражат бөліп, иттерге қараумен айналысқысы келетіндер арасында конкурс өткізу керек", - деп түсіндірді Жақсығали Иманқұлов.
Шенеунік "болған оқиға үшін жауапкершілікті сезінесіз бе" деген журналистердің сұрағына жауап берді, өйткені ол осы бағытта жетекшілік етеді. Басылым мәліметінше, оған жұмыс дұрыс орындалмағаны туралы айтылса, отставкаға кетуге дайын екен.
Айта кетейік, қан жоғалту, бас, денесінің жоғары және төменгі бөлігіндегі жарақат түрінде зорлық-зомбылық белгілері бар баланың денесі табылған болатын. Осы жағдай бойынша қылмыстық іс тіркелген еді. Алдын ала мәлімет бойынша, балаға жануар шабуылдаған болуы мүмкін екені айтылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также