01 ақпан 2022 | 20:24

"Жекеменшік үйге кіріп кеткен". Алматы тұрғыны полиция көлігіне соғылып, жол апатын жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Алматы тұрғыны полиция көлігіне соқтығысып, жол апатын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны полиция көлігіне соқтығысып, жол апатын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға биыл 28 қаңтарда Іле ауданы Междуреченск ауылында болған. Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода полиция көлігінің тасжолдағы жекеменшік үй ауласына кіріп кеткенін көруге болады. Онда қираған қоршау, апат болған маңда KIA Sportage көлігі тұрғаны көрінеді.

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, жол апаты Байсерке - Қараой - Междуреченск тасжолының 49 шақырымында болған.

"40 жастағы әйел KIA Sportage автокөлігімен жол жиегінен шығып кетіп, Hyundai Elantra қызметтік автокөлігімен соқтығысқан. Полиция көлігі инерция арқылы жекеменшік үй қоршауын бүлдірді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - деді облыстық Полиция департаменті өкілі.

Kia Sportage жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі "Жүргізушілердің көлік құралдарына, жүктерге, жолдарға, жол және басқа да құрылыстарға немесе материалдық залал келтірген өзге де мүлікке залал келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылғаны айтылды. Оған 20 АЕК дейін айыппұл салынады немесе ол алты айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная