21 желтоқсан 2021 17:11

Желіде Алматы метросындағы түтіннің видеосы пайда болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Алматыдағы "Алатау" метростанциясындағы түтіннің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Алматыдағы "Алатау" метростанциясындағы түтіннің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

kris.p.almaty парақшасында "метрода бірнәрсе жанып жатыр" деген жазбасы бар видео пайда болды. Видеода метро тоқтап, жолаушылар оның себебін білмей жатқаны көрінеді.

Қалалық метрополитеннің баспасөз қызметі пневматикалық тежеу іске қосылғанын хабарлады. 

Реклама
Реклама

"Пневматикалық тежеу жүйесі іске қосылған кезде тежегіш қатты қызып кетті. Қазір нақты себеп анықталып жатыр, ол электродепоға жіберілді", - деп түсіндірді метро қызметкерлері.

Кесте бойынша өзгеріс жоқ, Алматы метросы қазір штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Қайрат Нұртас ұсталды