Желіде Алматыдағы базарда болған жаппай төбелестің видеосы жарияланды

Камила Долаева Журналист
Желіде Алматыдағы базарда болған жаппай төбелестің видеосы жарияланды Видеодан алынған кадр

Желіде Алматыдағы Алатау ауданындағы базарлардың бірінде ер адамдардың жаппай төбелесі түскен видео тарап жатыр. Полицейлер қақтығыстың сатушылар арасында қарыз үшін болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Төбелес куәгерлері видеоны әлеуметтік желілерде таратты. Кадрларда шамамен он ер адам көрінеді. Кімнің төбелесіп, кімнің ажыратып жатқанын түсіну мүмкін емес.

Жарнама
Жарнама

"Аяқ киім сатушыларының арасында ақшалай қарыздарға байланысты алдымен ұрыс шыққан, кейін ол төбелеске ұласқан. Жол-патруль полициясы экипаждары тексеріс жүргізу үшін оларды аудандық полиция басқармасына жеткізді, одан әрі тәртіп бұзғандарға заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады", - деп түсіндірді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама