Желіде Астанадағы өртенген үйден 3 айлық бала құтқарылған сәттің суреті тарады

ТЖМ

ТЖМ Астанадағы Хан шатыр ауданындағы өртенген тұрғын үй кешенінен үш айлық бала құтқарылған сәттің суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ Астанадағы Хан шатыр ауданындағы өртенген тұрғын үй кешенінен үш айлық бала құтқарылған сәттің суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше құтқарушылар 2-қабаттан 27-қабатқа дейін жанған тұрғын үй кешенінің ғимаратындағы өртті сөндірді. Олардың ерліктерін ТЖМ баспасөз қызметі жариялады. Желі қолданушылары құтқарушылардың батылдығына тәнті болды.

Өртсөндірушілердің бірі Айдын Бимуханов үш айлық баланы үйден алып шықты.

Реклама
Реклама

"Батырлар арамызда жүр", "Адал еңбек", "Айдын, жарайсың, батыр, осындай адамды тәрбиелегені үшін ата-анаңа, командирлеріңе рақмет". "Міне, осы жандардың жалақысын көтеру керек", - деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, бұған дейін Астанада "Хан Шатыр" ауданындағы ғимараттан өрт шыққаны хабарланды. Кешке жақын өрт сөндірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная