12 шілде 2023 | 10:57

Желіде боксшы Бейбіт Шүменовті бала көтерген ер адамды ұрды деп айыптап жатыр

Egovpress телеграм-арнасы

Әлеуметтік желі қолданушылары мен блогерлер Астанада қолына бала көтерген ер адамды ұрып-соғып жатқан жанжалды кадрлардағы танымал боксшы Бейбіт Шүменов болуы мүмкін деген болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желі қолданушылары мен блогерлер Астанада қолына бала көтерген ер адамды ұрып-соғып жатқан жанжалды кадрлардағы танымал боксшы Бейбіт Шүменов болуы мүмкін деген болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше танымал Telegram-арна Астанада сауда орталығындағы төбелесте болған бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов деген хабарлама таратты.

Реклама
Реклама

Кейін боксшының Instagram-парақшасында жағымсыз пікірлер жазыла бастады, бірақ кейін Шүменовтың парақшасында хабарлама қалдыру мүмкіндігі өшірілді.

Бейбіт Шүменовтың Instagram-парақшасынан скриншот

Әзірге спортшының өкілдерінен ешқандай пікір болған жоқ.

Бейбіт Шүменовтің төбелеске қатысқанын Tengrinews.kz тілшісіне аноним дереккөз растады.

Еске салайық, Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының тамақтанатын орнында төбелес болып, оның барысында бір ер адам екіншісіне жұдырықпен шабуыл жасағаны - оның қолында кішкентай бала болғаны хабарланған болатын. Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнебақылау камераларына түсірілген видеосы пайда болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная