ПОДЕЛИТЬСЯ
02 тамыз 2022 | 08:46
Желіде шығысқазақстандық әскери қызметшінің анасының аудиохабарламасы тарады
Әлеуметтік желіде келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшінің анасы ұлының көрген қорлығын баяндаған аудиожазба тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz және Устинка LIVE басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желіде келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшінің анасы ұлының көрген қорлығын баяндаған аудиожазба тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz және Устинка LIVE басылымына сілтеме жасап.
Әйелдің айтуынша, рота командирі ұлын осы күнге дейін басынып, ойына келгенін істеп келген. Әскери қызметшінің анасы "Жол бақылауы" қоғамдық бірлестігінің белсендісі Антон Князевке жүгінген. Ол аудиожазбаны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
Әйел командир ұлына несие алдыртқанын, күнделікті азық-түлік тасуға мәжбүрлегенін, қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытатынын айтқан.
Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Бұл факт ақпаратты тіркеу кітабына алынды, әскери полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы барлық дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Бүгінде 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қызметінен шеттетілді. Тексеріс қорытындысы бойынша қосымша хабарланады", - деді Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также