Жерді алаяқтықпен иелену дерегі: Түркістан облысында лауазымды тұлғалар ұсталды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында лауазымды тұлғалар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Түркістан облысында лауазымды тұлғалар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

"Түркістан облысының прокуратурасы Төлеби аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ауданның арнайы жер қорындағы жерлерді заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтықпен иелену дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру бастады", - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, қылмыстық іс бойынша ауданның Жер қатынастар бөлімінің басшысы, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы нарықтық құны 326 миллион теңге болатын 200 гектардан аса құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдегені бойынша күдікке ілінген.

Реклама
Реклама

"Түркістан облысының соталды тергеп-тексеру басқармасымен күдікті тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама