07 қараша 2023 15:44

Жетісу облысында әкім көлікпен қағып кеткен оқушы қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жетісу облысындағы Кербұлақ ауданында 12 жастағы мектеп оқушысын көлік қағып, бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жергілікті пабликтер мәліметінше, көлік тізгінінде әкім болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысындағы Кербұлақ ауданында 12 жастағы мектеп оқушысын көлік қағып, бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жергілікті пабликтер мәліметінше, көлік тізгінінде әкім болған.

Облыстық полиция мәліметінше, 12 жастағы мектеп оқушысы 2 қарашада Hyundai Creta көлігі қағып кеткеннен кейін қаза болған. Көлікті 39 жастағы әйел жүргізгені анықталды.

Реклама
Реклама

"ЖКО дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабында көзделген қажетті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Шетелдік автокөлік арнайы тұраққа орналастырылды. Жол-көлік оқиғасын тергеуді облыстық анықтау басқармасы жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кербұлақ ауданының әкімдігі Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова ұшыраған жол-көлік оқиғасы Ескелді ауданы, Биғаш ауылында болғанын растады. Әкімдік мәліметінше, 39 жастағы әйел 2018 жылдың 3 сәуірінен бері Көксу ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.

Оның қазір жұмыс орнында екені де белгілі болды.

"Қазір Көксу ауылдық округінің әкімі А.Бақтиярова жұмыс орнында, Ескелді ауданында болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр, жұмыстан босатуға нақты негіздер жоқ. Әлия Маратқызы Бақтиярова бүгінгі күнге дейін ешқандай тәртіптік теріс қылық жасамаған және бұрын сотталмаған", - деп хабарлады Кербұлақ ауданының әкімдігі.

Сондай-ақ, әкімнің 5 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана екені атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram