08 желтоқсан 2022 | 14:36

Жетісу облысында ер адам өртеніп жатқан үйден үш баланы аман алып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

Жетісу облысында ер адам өртеніп жатқан үйден үш баланы алып шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облысында ер адам өртеніп жатқан үйден үш баланы алып шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 7 желтоқсанда сағат 21:40-та Панфилов ауданы, Үлкен ауылында тұрғын үй өртенген. Сағат 22:22-де 50 шаршы метр аумақта өрт сөндірілді.

Реклама
Реклама

Бұл ретте өртті көріп, ол туралы хабарлаған ер адам өртсөндірушілер келгенге дейін жанып жатқан үйден 2010, 2014 және 2018 жылы туған үш баланы шығарған. Сол үйде ұйықтап жатқан ересектерге көмектесіп, үйден екі газ баллонын шығарып, өз бетімен өртті сөндіруге кіріскен.

Балаларды құтқарған қаһарман қызметтен бос уақытында үйде болған Жаркент қаласы ПЧ-11 өртсөндірушісі, азаматтық қорғау кіші сержанты Айтбаев Еркебұлан Тұрғанұлы болып шықты. Өрттің алдын ала себебі - қатты отынмен жұмыс істейтін пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная