07 қазан 2024 | 10:55

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Фото: Жетісу облысы ПД

Жетісу облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ЖКО Көксу ауданындағы Алматы-Өскемен тасжолының 239-шақырымында Toyota Camry және Камаз соқтығысты. Өңірдің полициясы мәліметінше, жеңіл көлік жүк көлігінің артына соқтығысқан. Апат кезінде үш адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алған.

Реклама
Реклама

"Апат салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза болды. Тағы бір жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. ЖКО дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыс ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram