Жетісу облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
ІІМ

Жетісу облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты Көксу ауданында болған. 41 жастағы ер адам басқарған шетелдік көлік Алматы-Өскемен тасжолының 203-шақырымында жол бойындағы темір қоршауға соғылды.

Оқиға орнында жүргізуші мен оның 39 жастағы жолаушысы қаза тапты. Тағы үш жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.

Реклама
Реклама

Жол апаты, болжам бойынша, жүргізушінің шаршап, көлік тізгінінде қалғып кетуіне байланысты болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама