12 маусым 2022 | 15:51

Жетісу облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz

Жетісу облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 12 маусымға қараған түні Жетісу облысы Ақсу ауданы Тарас ауылының маңында болған.

Жолаушылар автобусы Зайсан-Алматы бағыты бойынша жолаушылар тасымалдаған. 50 жастағы жүргізуші Алматы-Өскемен тасжолының 396-шақырымында көлікті басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Оқиға орнында 66 жастағы әйел қайтыс болды.

Реклама
Реклама

"Жол апатынан тағы үш жолаушы зардап шекті, олар түрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендер арасында 7 жасар қыз бар. Осы дерек бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная