ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 05 қаңтар 2024 12:05
Жетісу облысында көпбалалы ана өзіне қол жұмсады
Жетісу облысында көпбалалы ана өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желідегі кейбір деректерге қарағанда, төрт баланың анасы белгісіз себептермен көп таблетка ішіп қойған. Ол облыстық ауруханада қайтыс болған.
Жетісу облыстық Полиция департаменті ақпаратты растады.
"Өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп түсіндірді полиция.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу